Роман Скляр екінші АЭС вендері туралы: Күзге қарай белгілі болады

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Тәуелсіздік сарайындағы «Орталық Азия-Қытай» саммитінің кулуарында Қазақстанда салынуы мүмкін екінші атом электр стансасының вендері қашан анықталатынын айтты.

Өзбекстан билігі ірі АЭС салу мүмкіндігін қарастырып жатыр
Фото: Өзбекстанның Энергетика министрлігі

— Екінші АЭС туралы не айтасыз? Кім салады, құны қанша болады? Алаңы таңдалды ма, — деп сұрады БАҚ өкілдері.

Вице-премьер ол шешімнің бәрі күзге қарай шығады деген болжам айтты.

— Күзде деп ойлаймын. Бұл мәселені сонша созбайтын шығармыз. Сондықтан күзге қарай нақты цифрлар, қандай да бір деректер белгілі болатын шығар. Бәлкім одан ерте болуы мүмкін. Станса салынатын алаңның мәселесі де сол кезде белгілі болатын шығар, — деді Роман Скляр.

Сондай-ақ, техникалық-экономикалық негіздеме мен жоба әзірленбей тұрып, екі АЭС-тің де нақты құнын ешкім айта алмайтынын жеткізді.

Бұған дейін Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан екінші АЭС салатын консорциумның тізгінін Қытайға беруге ниетті екенін айтқан

Бірақ кейін екінші АЭС-ті Қытай салатындығына қатысты түпкілікті шешім қабылданбағанын мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар