Роман Скляр Қырғызстаннан сұр сызбамен көлік әкелінетіндігін мойындады

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қырғызстаннан сұр сызбамен елімізге көліктер әкелінетіндігін мойындады. 

дорога, пробки, автомобиль, автобус, жол, көлік
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері Роман Склярдан «Қырғызстаннан көлеңкелі сызбамен әлі күнге дейін автомобильдер кіргізіліп жатыр. Ал Қазақстан бюджеті кеден салықтарынан қағылып отыр деуге болады. Мұны қашан тоқтатасыздар?» деп сұраған еді.

— Иә, шынымен де мұндай проблема бар. Өздеріңізде білесіздер, бұрынырақта Еуразиялық экономикалық одақтың 5 мемлекеті оған кіргенде, тиісті шартқа қол қоятын кезде белгілі түсінікке келген. Армения мен Қырғызстан өздеріне келетін импорт автомобильдерге кеден және басқа да салықтарды белгілеу барысында белгілі бір жеңілдіктер алған. Дегенмен, Еуразиялық экономикалық одақ аясында бұл қарым-қатынас ішкі ережелермен реттелуі тиіс. Егер Қазақстанға кіргізілген көліктер кедендік және басқа да төлемдерді төлемесе, онда аталған көліктер шекараны кесіп өтіп, есепке алынатын кезде оны өтеуі қажет. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктерді заңдастыруға бағытталған үлкен науқан өткенін білесіздер. Сондықтан бұл мәселе күн тәртібінен алынуы тиіс еді. Алайда, елімізге сұр сызбамен көлік әкелуге тырысатындар әлі де бар. Дегенмен, арнаулы органдар, кеден қызметі бұл мәселемен айналысып жатыр. Меніңше, олар бұл істі тәртіпке келтіреді деп ойлаймын, — деді Роман Скляр. 

Айта кетелік Роман Скляр популистердің дерегіне сүйеніп, кез келген экономика саласын «паразит» деуге болмайтынын айтқан еді

Соңғы жаңалықтар