Роман Скляр мен РФ энергетика министрі Сергей Цивилев энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады
АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы Санкт-Петербург халықаралық газ форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Цивилевпен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Primeminister.kz сайты жазды.

Кездесуде жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Тараптар энергетика саласындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға ниетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін орташа алғанда атом электр стансасының құрылысы 10 жыл уақыт алатынын жазған болатынбыз.
«Осы уақыт аралығында кадрларды дайындау бойынша арнайы бағдарлама әзірленеді. АЭС объектісінде толығымен қазақстандық мамандар қызмет көрсетеді. Сонымен қатар халықаралық біліктілігі бар барлық деңгейдегі жоғары білікті маман–инженерлер пулы дайындалады», — деген еді Роман Скляр.