Роман Скляр «Шелл» компаниясының басшылығымен келіссөз өткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Шелл» компаниясының барлау және өндіру бөлімінің атқарушы вице-президенті Ричард Хаумен кездесу өткізді. Бұл туралы Үкімет мәлім етті.

Роман Скляр «Шелл» компаниясының басшылығымен келіссөз өткізді
Фото: Үкімет

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. «Шелл» компаниясы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі шетелдік инвесторларының бірі болып саналатыны, сондай-ақ Карашығанақ, Қашаған және КҚК сияқты маңызды жобаларға қатысатыны атап өтілді.

Тараптар Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасына ерекше назар аударды. Аталған жоба ӨБК бойынша Түпкілікті келісім шарттарының шеңберінде жүзеге асырылады.

Роман Скляр «Шелл» компаниясының басшылығымен келіссөз өткізді
Фото: Үкімет

Өз кезегінде «Шелл» компаниясының барлау және өндіру бөлімінің атқарушы вице-президенті Ричард Хау:

— Қазақстанмен серіктестігімізге 30 жылдан асты. Бұл біз үшін ерекше мақтаныш. Мен үшін Қазақстанға жаңа қызметтік мәртебемде қайта оралу — үлкен құрмет, — деп атап өтті.

Роман Скляр бұл жобаның стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, оның іске асуын жеделдетудің қажеттігін жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа ниетті екендерін растады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Роман Скляр Тәуелсіздік сарайындағы «Орталық Азия-Қытай» саммитінің кулуарында Қытай көліктерінің сапасы туралы пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар