Роман Скляр ұлттық инвестиция орталығын басқарады

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталықты басқарады. Бұл туралы Үкімет басшысының инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталықтың кейбір мәселелері туралы өкіміне қосымша берілген ережеде айтылған.

скляр
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«ИҚҰО қызметіне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары іске асырады», — деп жазылған ереже мәтінінде.

Осылайша Роман Склярға жаңа мемлекеттік құрылымның басшысы мынандай міндеттер жүктеледі:

  • ИҚҰО жұмысын ұйымдастырады;
  • ИҚҰО жұмысына мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдерін тартады;
  • ИҚҰО-ға жіберілген жұмыскерлердің міндеттері мен функционалдық міндеттерін айқындап, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларына жұмыскерлерді ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларының атына ИҚҰО-ға жіберілген жұмыскерлерді көтермелеу немесе жазалау туралы ұсыныстар енгізеді;
  • Премьер-Министрдің бірінші орынбасарын ИҚҰО жұмысының нәтижелері туралы тоқсанына бір реттен сиретпей хабардар етіп тұрады;
  • ИҚҰО жұмыс топтарын қалыптастырады.
Соңғы жаңалықтар