Rompetrol Rafinare «Қашаған» жобасы аясында мамандар даярлауда - ҚазМұнайГаз

«Agip KCO Казахстан» компаниясының тоғыз операторына техникалық оқытудың ауқымды бағдарламасын өткізді, деп хабарлайды «ҚазМұнайгаз» ҰК-ның ресми сайты.
«The Rompetrol Group «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бөлігі болып табылатынын ескерсек, біз үшін осы салада 30 жыл жұмыс барысында жинақтаған тәжірибемізді және ноу-хауларымызды біздің қазақстандық әріптестерімізбен бөлісу өте маңызды. Біз, сондай-ақ, Атырау МҚЗ және Павлодар МҚЗ қызметкерлерін оқыттық», - дейді Rompetrol Rafinare бас директоры Арман Қайырденов.
«Жұмыс орнында оқыту» бағдарламасының міндеті тоғыз операторды The Rompetrol Group ең маңызды активі болып табылатын «Petromidia» платформасында мұнайдың қайта өңделген ағынымен таныстыруға бағытталған. Сонымен бірге бағдарлама қайта өңдеу процестері, негізгі параметрлерді бақылау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау міндеттері, сондай-ақ DAV (атмосфералық және вакуумды дистиляттау), DGRS (газды сульфаттан айыру және күкіртті кері айдау) қондырғылары мен су тазартуда операторларының қиын міндеттеріне қатысты нақты білімді игеруді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
«Agip» компаниясының мамандары өз білімдері мен дағдыларын қазақстандық ұжымдастарына үйретіп, тәжірибелерін беруге тырысты. Әр кезең соңында операторлар бірқатар теориялық және практикалық тесттерден өтті. Алынған нәтижелер жоғары болды.
North Caspian Operating Company B.V. (NCOC) компаниясы (КазМунайГаз, Eni, Shell, ExxonMobil, Total, ConocoPhillips и INPEX) консорциумының жеті серіктестігі атынан 1997 жылға дейін Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің өнімдерін бөлісу келісіміне сәйкес тағайындалған оператор ретінде әрекет етеді.
«Қашаған» жобасының бірінші кезеңіне «Agip KCO» компаниясы жауапты.