18:57, 03 Қазан 2015 | GMT +5
Рональдинью жол апатына түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Рональдинью жол апатына ұшырады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Оқиға Порту-Алегриде орын алған. 35 жастағы футболшы көлігін басқара алмай, соның салдарына көлік жолдан шығып, бүйіріне құлады. Футболшының өзі зардап шеккен жоқ.
Рональдинью - 2005 жылы «Алтын доптың» иегері. ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы (2004, 2005 жылдар).
Бразилияның "Гремио", "Фламенго", "Атлетико Минейро", "Флуминенсе", франциялық "Пари Сен-Жермен", испаниялық "Барселона", италиялық "Милан", мексикалық"Керетаро" клубтарында ойнаған.
2015 жылдың 12 шілдесінде «Флуминенсеге» өтіп, онымен 2016 жылға дейін келісімшарт орнатқан. Алайда 29 қыркүйекте клуб құрамындағы жеті ойыннан кейін онымен тараптардың келісімі бойынша келісімшарттың күшін жойды.