Роналдиньо 11 жылдан кейін алаңға оралды: 46 жастағы аңыздың алғашқы матчы қалай өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Бразилиялық футбол аңызы Роналдиньо 11 жылдық үзілістен кейін ресми матчқа қатысып, италиялық «Равенна» сапында дебют жасады. 46 жастағы футболшы алаңда 45 минут өткізіп, командасының 2:0 есебімен жеңіске жетуіне қатысты. Бұл туралы informsports.kz жазды.

Роналдиньо 11 жылдан кейін алаңға оралды: 46 жастағы аңыздың алғашқы матчы қалай өтті
Фото: Роналдиньоның желідегі парақшасынан

Италияның С сериясының 14-туры аясында өткен «Равенна» мен «Форли» арасындағы кездесу алаң иелерінің жеңісімен (2:0) аяқталды. Бразилиялық жартылай қорғаушы негізгі құрамда алаңға шығып, бірінші таймды толық өткізді.

Беделді Sofascore статистикалық порталы аңыз футболшының ойынын 7,0 ұпайға бағалады. 45 минут ішінде Роналдиньо допқа 28 рет жанасып, 21 пастың 17-сін дәл берді (81% дәлдік).

2002 жылғы әлем чемпионы және 2005 жылғы «Алтын доп» иегері бұған дейін «Гремио», «ПСЖ», «Барселона», «Милан», «Фламенго», «Атлетико Минейро», «Керетаро» және «Флуминенсе» клубтарында доп тепкен.

Еске салсақ, осыған дейін 46 жастағы Роналдиньоның 11 жылдық үзілістен кейін футболға қайта оралғанын хабарлағанбыз.