Роналду Ақ үйде кешкі асқа қатысып, Трамптың ұлымен танысты

АСТАНА. KAZINFORM — Футболшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен бірге Ақ үйде ресми кешкі асқа қатысты, деп хабарлайды USA Today.

Роналду посетил ужин в Белом доме
Фото: x.com/@CRonaldoNews

— Менің ұлым Роналдудың үлкен жанкүйері. Бэррон онымен таныса алды, енді мен сіздерді таныстырғаннан кейін ол әкесін одан да қатты құрметтейді деп ойлаймын. Келгеніңіз үшін рақмет, бұл үлкен құрмет, — деді Трамп.

Жақында Роналду да Трампқа деген сүйіспеншілігін білдіріп, Америка президенті — «әлемді өзгертуге көмектесе алатындардың бірі» деп мәлімдеді.

Кешкі асқа сондай-ақ миллиардер Илон Маск және Apple компаниясының бас директоры Тим Кукты қоса алғанда басқа да ықпалды бизнес көшбасшылары қатысты. Бұл Масктың сәуір айында Трамп әкімшілігі Мемлекеттік басқару тиімділігі департаментінің (DoGE) басшысы қызметінен кеткеннен бері Ақ үйге алғашқы сапары болды.

Трамп пен Маск арасындағы драмалық қақтығыс бірнеше ай бойы жария түрде өршіп келді, соның ішінде Масктың жаңа саяси партияны құру туралы мәлімдемесі де бар.

40 жастағы футболшы Сауд Арабиясының «Әл-Наср» кәсіби футбол клубында ойнайды.

Жақында Роналду 2026 жылы Канада, Мексика және АҚШ-та өтетін мундиаль оның құрамамен қатысатын соңғы әлем чемпионаты екенін айтты

Соңғы жаңалықтар