Роналду голдар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты

АСТАНА. KAZINFORM — «Әл-Наср» клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду тарихта алғаш рет төрт түрлі клуб пен ұлттық құрама сапында 100 голдан соққан футболшы атанды, деп хабарлайды Sports.kz. 

Роналду
Фото: sports.kz

40 жастағы форвард Сауд Арабиясының Суперкубогы финалында «Әл-Ахлиге» қарсы ойында пенальтиден гол соғып, Эр-Рияд клубы үшін 100-ші добын еншілеген.

Роналдудың есебінде: мадридтік «Реал» сапында – 450 гол, «Манчестер Юнайтед» үшін – 145 гол, «Ювентус» сапында – 101 гол және «Әл-Наср» құрамында – 100 гол бар. Ал Португалия құрамасы үшін ол 138 рет мергендік танытқан.

Бұған дейін Криштиану Роналду әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы атанған болатын. Оның табысы $275 миллионға жеткен. Бұл Forbes тарихында кәсіби спортшылар арасындағы үшінші ең жоғары жылдық көрсеткіш саналады. 

Айта кетелік Роналду «Әл-Наср» командасымен келісімшарт мерзімін ұзартқан еді

Соңғы жаңалықтар