12:10, 31 Шілде 2017 | GMT +5
Роналдудың басына қара бұлт үйірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Реал» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиан Роналду 31 шілде күні салық төлеуден бас тарту ісі бойынша түсінік береді.

Marca мәліметінше, Роналдудың соты Посуэло-де-Аларкон қаласында (Мадрид провинциясы) жабық күйде өтеді. Мадрид прокуратурасының талабы негізінде 2011-2014 жылдар аралығында жасалынуы мүмкін бірнеше салықтық заң бұзушылықтар дерегі бойынша іс қозғалған болатын.
32 жастағы ойыншы өзін кінәсіз деп санап, бұл пікірін өзгертпейтіндігін айтты.
Роналду 2011-2014 жылдар аралығында 14,7 млн € көлемінде салық төлеуден жалтару бойынша күдікті деп танылып отыр.