«Росатом» басшылығы Қазақстаннан тағы бір уран активін сатып алу туралы ақпаратты жоққа шығармады

«Біз бірдеңе жасамайынша ешқашан пікір айтпаймыз. Сондықтан, интригадан бас тартып, кідіріс жасайық, қолайлы сәт келгенде бәрін міндетті түрде айтамыз», - деді Кирилл Комаров «АТОМЭКСПО-2022» XII халықаралық форумы өтіп жатқан алаңда журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Бұған дейін БАҚ-та ресейлік «Газпромбанк» Қазақстанда тағы бір уран активін 1,6 млрд долларға сатып алу жөніндегі «Росатом» мәмілесін 9,1 млрд доллар көлемінде қаржыландыратыны хабарланған болатын, оның 7 млрд доллары Түркияда ВВЭР-1200 төрт реакторы бар «Аккую» атом электр станциясын салуға және басқаруға, тағы 500 миллион литий активтерін сатып алуға жұмсалатыны айтылған.
Бұл «Буденовское» бірлескен кәсіпорнындағы, оның ішінде Яков Клебановқа тиесілі 49 пайыздық үлес туралы болуы мүмкін екендігі нақтыланды.