Росатом Қазақстанда АЭС салса, Түркиядағы жағдай қайталанбай ма — Бектеновтің жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында осындай сұраққа жауап берді.

бектенов
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Росатом Түркиядағы АЭС-ті салып аяқтай алмай, 49 пайыз үлесін сатқалы жатырғанын білесіз. Қазақстанда да осындай жағдай болса, қосымша жоспарларыңыз бар ма, — деп сұрады журналист.

Үкімет басшысы екі жобаны іске асыру моделі екі түрлі екенін түсіндірді.

— Түркиядағы АЭС бойынша мүлдем басқа схема қолданылған. Вuild-own-operate моделі бойынша (сал-иелен-басқар деген мағынада — ред.) моделі қолданылып жатыр. Росатом Түркиядағы АЭС-ті салып, иесі өзі болады. Ал бізде мүлдем басқаша. Біздің қазақстандық АЭС Қазақстанның меншігінде болады. Сондықтан Түркиядағыдай тәуекелдер аз болады деп ойлаймыз. Әрине, біз ресейлік тараппен, әріптестерімізбен Қазақстан үшін өте маңызды жобаны кедергісіз, уақытында іске асыру бағытында жұмыс істейміз, — деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Түркияда қаржылық қиындықтар «Аккую» АЭС-нің жаңа блоктарын салу қарқынын бәсеңдеткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар