Росатом санкцияға түссе, Қазақстанда салынатын алғашқы АЭС-тің тағдыры не болады

АСТАНА. KAZINFORM — Атом энергетикасы жөніндегі агенттік Kazinform сауалына жолдаған жауапта Росатом санкцияға түссе, Қазақстанда салынатын алғашқы АЭС-тің тағдыры не болатынын айтты.

АЭС
Фото: Midjourney

— Соңғы мәліметтер бойынша, «Росатом» санкциялар тізімінде жоқ. Болашақта жекелеген елдерде санкциялардың күшеюіне байланысты қандай да бір тәуекелдер туындаған жағдайда бізде қазақстандық компаниялар басқа жобаларда қолданған тиісті шарттық тетіктер көзделген. Мысалы, тиісті санкциялар мен басқа да құқықтық құралдарды қолдану мүмкіндігі бар, — деп жазады агенттік мамандары.

Агенттік жауабында «Росатомның» санкцияға түсу ықтималдығы тым төмен екені айтылған.

— Бұл ретте әлеуметтік-гуманитарлық қажеттіліктермен және климаттық күн тәртібімен байланысты атом энергетикасы санкциялық тізімдерге енгізілмеген, — делінген агенттік жауабында.

Еске салсақ, екі күн бұрын Қазақстандағы алғашқы АЭС салатын консорциумның тізгіні ресейлік «Росатомға» берілгені мәлім болған еді. 

Соңғы жаңалықтар