Россельхознадзор АҚШ-тан Қазақстанға құс етін тасымалдауға тыйым салмақшы

Тауық еті
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Россельхознадзор АҚШ-тан РФ аумағы арқылы Қазақстанға құс өнімдерінің транзитіне шектеу енгізуге дайындалып жатыр. Kazinform бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылы мұндай жеткізілім көлемі 23 мың тоннаны құраса, биыл 15 мың тоннаға жетпейді.

Шектеу енгізу қажеттілігі Ресей мен Қазақстан аумақтарын жоғары патогенді құс тұмауынан қорғауға байланысты туындады.

Қазіргі уақытта АҚШ-та құс тұмауы бойынша жағдай тұрақсыз. Онда аурудың 290-нан астам жағдайы тіркелген.

Айта кетерлігі, өткен жылдың соңына қарай бүкіл Еуропаға құс тұмауы вирусының агрессивті кіші түрі тараған болатын. Онда жабайы және үй құстары популяцияларында 9 мыңнан астам ауру ошағы тіркеліп, шығын 69 миллион құсты құрады.

Соңғы жаңалықтар