Рой Джонс қазақ халқын Тәуелсiздiк күнiмен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың атақты кәсiпқой боксшысы Рой Джонс және Олег Маскаев Астанаға ат басын тiредi.
None
None

Арнайы өткiзiлген баспасөз мәслихатында Рой Джонс ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлымен және астаналықтармен кездесiп, қазақ халқын Тәуелсiздiк күнiмен құттықтады.

"Бүгiн 16 желтоқсан. Қазақстан Тәуелсiздiк күнi мерекесi. Барлық қазақстандықтарды құттықтаймын! Барлық жақсылықтарды тiлеймiн! Маған Қазақстан ұнайды. Сiздердiң жерлерiңiз өте қонақжай, Қазақстан халқына үлкен ризашылығымды бiлдiргiм келедi. Менi шақырған кiсiлерге мың алғыс", - дедi Рой Джонс.

Айта кетейiк, Олег Маскаев Қазақстан тумасы, 2006-2008 жылдарда WBC чемпионы. Рой Джонс бес салмақ дәрежесінде және барлық нұсқалар бойынша чемпион атанған әйгiлi боксшы. Есімі Мұхаммед Әли және Майк Тайсондармен қатар тұрған кәсiпқой бокстағы бiрегей тұлғалардың бiрi. Сонымен қатар ол әншi және актер ретiнде де танымал.

Соңғы жаңалықтар