Рой Джонс Левиттің Риодағы жекпе-жегіне қатысты: Әлемдік бокстағы жемқорлық үшін ұяламын

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға жеке сапарымен келген даңқты боксшы кіші Рой Джонс әлемдік бокстағы жемқорлық үшін қынжылатынын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Рой Джонс Қазақстандағы кәсіпқой бокстың дамуына үлес қосу үшін келгенін айтқан болатын. Ол 2017 жылы кәсіпқой бокста соңғы кездесуін өткізуі мүмкін.

«Мені 2016 жылы да әлемдік бокста жемқорлық жайлағаны қатты қынжылтты. Меніңше, қателіктер болып тұрады, дегенмен қателік жібердің бе, қайтып оралып, кешірім сұрау керек деп ойлаймын», - деді Рой Джонс қазақстандық боксшы В.Левиттің Рио Олимпиадасында «алтынсыз» қайтқан оқиғасына қатысты айтқан пікірінде.

Еске сала кетейік, Рио Олимпиадасында В.Левит ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен алғаш ауыр салмақта (91 келіге дейін) қолғап түйістірді. Ресейлік бұл жекпе-жекте жеңіске жеткенімен жанкүйерлер дау туғызған болатын. Еске салайық, В.Левиттің күміс алғанына қарамастан, Қазақстан оны «алтын» алған спортшылармен қатар, тең дәрежеде марапаттады.

Бұндай шешім Риодағы төрешілердің әрекетіне риза болмаған қазақстандық жанкүйерлердің талабына байланысты қабылданды. Сыйақы демеушілер тарапынан жасалды. Сонымен қатар, Левитке Астана әкімі де жол талғамайтын көлік мінгізген болатын.

Соңғы жаңалықтар