Рой Джонс: Сiздердiң президенттерiңiз - Қазақстанды өрге бастырып келе жатқан нағыз көшбасшы (ФОТО)
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, АҚШ-тың кәсiпқой боксшысы Рой Джонс және ресейлiк боксшы Олег Маскаев Астанаға ат басын тiредi. Арнайы өткiзiлген баспасөз мәслихатында Рой Джонс ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлымен және астаналықтармен кездестi.
"Сiздердiң президенттерiңiз Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқын жарқын болашаққа бастап келе жатқан нағыз көшбасшы тұлға. Елде тыныштық пен келiсiм, тұрақтылық бар. Сондықтан мен Қазақстаннан түскен шақыртуды қуана қабыл алдым. Аз уақыттың iшiнде Астана секiлдi керемет сұлу қаланы салу әркiмнiң қолынан келе бермейдi. Қазақстан халқына сәттiлiк тiлеймiн", - деп атап өттi Рой Джонс.
Айта кетейiк, Олег Маскаев Қазақстан тумасы, 2006-2008 жылдардағы WBC чемпионы. Рой Джонс бес салмақ дәрежесi және барлық нұсқалар бойынша чемпион атанған әйгiлi боксшы. Ол Мұхаммед Әли және Майк Тайсондармен қатар тұрған кәсiпқой бокстағы бiрегей тұлғалардың бiрi. Сонымен қатар ол әншi және актер ретiнде де танымал.