«Рубеж» бекеті арқылы жол қозғалысына қойылған шектеу алынып тасталды - Астана қаласының ІІД
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД ақпараты бойынша бұрын жарияланған «Рубеж» стационарлық бөгеуіш бекеті арқылы барлық көлік түрлеріне қойылған шектеу алынып тасталды.
Бір бағыт қана - Қарағанды тасжолы жабық қалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Қала көшелеріндегі жол қозғалысын күшейтілген режимде бақылау жалғасады.