Рудный қаласында дәмханадан өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысы Рудный қаласында Ленин көшесінде орналасқан дәмхананың шатыры өртенді, деп хабарлайды ТЖМ.

өрт
Фото: ТЖМ

Бүгін Рудный қаласында Ленин көшесіндегі бір қабатты жеке ғимаратта орналасқан дәмханалардың бірінде өрт шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, дәмхананың шатыры жана бастаған.

— Өрт туралы хабарлама шұғыл қызметтерге түсіп, содан кейін оқиға орнына жедел өрт сөндіру жасақтары жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды, — делінген хабарламада.

Осыған дейін кеше Алматыда қойма өртенгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар