Рудныйда су құбырын жөндеу кезінде екі жұмысшы жарақат алды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Бұл ақпаратты Қостанай облысы ТЖД растады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Рудныйда су құбырын жөндеу кезінде екі жұмысшы жарақат алды
Фото: Алматы әкімдігі

Қостанай облысының Рудный қаласында магистральды су құбырында апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізу кезінде топырақтың бір бөлігі шөгіп кеткен. Оқиға салдарынан екі жұмысшы жарақат алды.

Құтқару жасағы зардап шеккендерді жедел шығарып, Рудный көпсалалы қалалық ауруханасына жеткізді. Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр, екіншісінікі – тұрақты.

Бұған дейін Ақмола облысында биылдың басынан бері 30-дан астам жұмысшы өндірістік жарақат алғаны хабарланған еді

Соңғы жаңалықтар