Рудныйда жасөспірім Тобыл өзеніне батып кетті

РУДНЫЙ. KAZINFORM – 17 жастағы жасөспірімнің денесін құтқарушылар Тобыл өзенінен алып шықты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Рудныйда жасөспірім Тобыл өзеніне батып кетті
Фото: Дарья Аверченко / Kazinform

Қайғылы оқиға өткен демалыста болған. Рудный қаласындағы ойын-сауық саябағының аумағында, яғни Тобыл өзенінің ескі арнасында рұқсат етілмеген жерде суға түскен 2008 жылғы жасөспірім суға батып кеткен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел жетті.

– Іздестіру кезінде баланың мәйіті жағалаудан 90 метр қашықтықта 3,5 метр тереңдіктен табылды. Құтқарушылар марқұмды судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды, - делінген Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. 

Ведомство азаматтарды тағы да су маңында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. 

Бұған дейін Қостанай облысында 10 жастағы бала суға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар