Рудный қаласында құбыр жарылып, 83 үй жылусыз қалды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, 24 көпқабатты және 59 жер үй жылусыз қалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қаңтар күні сағат 10:30-да Горняков көшесі бойында жылу құбырының диаметрі 530 мм болатын бөлігі жарылды. Осыған байланысты 24 көпқабатты тұрғын үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға жылудан ажыратылды. Құбырдың жарылған учаскесін анықтау қажет. Оқиға орнында «Рудный жылу желілерінің» апаттық бригадасы жұмыс істеп жатыр. Мүмкіндігінше қысқа мерзімде жылу беру толық қалпына келтіріледі», - деп мәлім етті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, таяуда Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесі бойында тозған құбыр жарылып, 4 көпқабатты тұрғын үй мен Халыққа қызмет көрсету орталығы сусыз қалған еді.


Соңғы жаңалықтар
telegram