Рудный тұрғынынан есірткі мен оқ-дәрілер табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық полицейлері «Көкнар-2017» операциясы барысында аса ірі көлемде есірткі тәркіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Федоров ауданы Қоржынкөл кентінде Рудный қаласының 48 жастағы тұрғынынан салмағы төрт келі болатын марихуана мен 190 грамм гашиш табылды. Бұдан бөлек, 54 дана оғы бар екі қорап тәркіленді.

«Ары қарай тергеу әрекеттері барысында осы күдіктінің Рудный қаласындағы гаражынан салмағы 5 келі 290 грамм болатын марихуана мен 1 келі 200 грамм гашиш табылды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК «Өткізу мақсатында аса ірі көлемде есірткі сақтау» және «Оқ-дәрілерді заңсыз сақтау» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум