17:09, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Рудныйда 40 кенші донор атанды
ҚОСТАНАЙ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның қырық жас белсендісі донорлар қатарына кірді.

Бұл «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен кәсіпорынның жастар саясаты бөлімі ұйымдастырған шара барысында болды.
Акция арқылы Рудныйдың медициналық ұйымдарын жабдықтау үшін қан қоры толтырылады, сондай-ақ жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін спорттық құралдар сатып алынады.