Рудныйда Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

«Даму» қорының баспасөз қызметінен хабарлағандай, осы сияқты орталықтар алғашқы рет өткен жылдың 15 қарашасында Қостанай облысының Жітіқара және Арқалық қалаларында ашылған болатын. КҚО ашылуы өткен жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі бекіткен 2012-2020 жылдарға арналған Шағын қалаларды дамыту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Ал «Даму» Қоры, өз кезегінде, Кәсіпкерлердің құзырет орталықтарын дамыту тұжырымдамасын әзірледі.
Осы тұжырымдамаға сәйкес, кәсіпкерлерге кешенді қызмет көрсетудің үшдеңгейлік жүйесі енгізіліп отыр. Яғни, облыстық деңгейдегі қалаларда (КҚО - кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары), шағын қалаларда (КҚО - Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары) және аудандарда (КҚМО - Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталықтары). Алғашқы КҚО Алматы мен Шымкент қалаларында өткен жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастады, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша ақпараттық-консалтингтік қызметтерді, бизнес жүргізу бойынша консультация және өзге қызмет түрлерін ұсынатын Кәсіпкерлерді қолдаудың стационарлық орталықтары шағын қалалар деңгейінде жұмыс істейді.
КҚО ұсынатын кешенді қызмет түрлері - өз бизнесін ашудан бастап, оны тиімді басқаруға дейінгі кәсіпкерліктің барлық үдерістерін қамтиды. Бизнесмендерге заң көмегі тегін көрсетіледі, қызметкерлерді іріктеу, бухгалтерлік және салық мәселелері бойынша консультация беріледі.