Рудныйда полиция қызметкері сәбиді құтқарып қалды

Рудный қаласында оқыс жағдай кішкентай баланың өмірін қия жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рудныйда полиция қызметкері сәбиді құтқарып қалды
Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысы ПД мәліметінше, полиция аға сержанты Әділ Қадірбековтің жедел әрекеті сәбиді құтқаруға көмектескен. Патрульдеу кезінде «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкері пәтерлерді аралап шыққан. Бесінші қабаттан түсіп бара жатқан ол көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп, төмен қарай жүгіреді.

«Баласы бар әйелді көрдім, ол нәресте тыныс алмай жатқанын айтты. Барлық көрші шықты. Жедел жәрдемге қоңырау шалдым, нәресте бір күн бұрын орындықтан құлап кеткені белгілі болды», - деді полиция қызметкері.

Телефон арқылы дәрігерлер дереу әрекет ету керегін айтқан. «Жедел жәрдем» кезекші дәрігерінің телефон арқылы берген хабарламаларын басшылыққа ала отырып, Әділ Қадірбеков алғашқы көмек көрсеткен. Соның нәтижесінде бала көзін ашып, тыныс ала бастады. Кейін оны жылы көрпеге ораған. Келген дәрігерлер полицейдің іс-әрекетінің дұрыстығын растады. Баланың ата-анасы қызметкерге алғысын білдірді.

«Біздің ұлымыз бір жарым жаста. Көрсетілген көмектің арқасында ұлым есін жиып, алғашқы демін алды. Көп рақмет», - деді баланың әкесі.

Енді нәресте өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлер тексеру жүргізіп, баланың жағдайы тұрақты екенін жеткізді.