Рудныйда салық қызметкері және кәсіпкер парамен ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Салық салушылар ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» мемлекеттік кірісті басқару бөлімінің жетекшісі М.Бекмағамбетов пара алу үстінде ұсталды, онымен бірге ұсталған «ВАБ-2016» ЖШС директоры А.Баранов уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының баспасөз қызметінен.
None
None

Хабарламада пара сомасының 100 мың теңге екені көрсетілген. Бұл қаражатты салық қызметкері қосымша құн салығы бойынша жылдам әрі кедергісіз тіркеу үшін алған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, айыпкерлерге қолданылатын шара мәселесі де шешілуде, делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар