Рудныйда жоғалып кеткен жасөспірім қыздар Теміртаудан табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Полицейлер 12 тамызда жоғалып кеткен рудныйлық оқушы қыздарды Теміртау қаласынан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудныйда жоғалып кеткен жасөспірім қыздар Теміртаудан табылды

Үш жасөспірімнің із-түссіз жоғалып кеткені туралы Рудный қаласының Ішкі істер басқармасына қыздардың аналары хабарлаған. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жоғалған қыздар жайында қағаз бетіне шығарылған ақпарат таратылды. Аналарының айтуынша, қыздар 12 тамызда түскі ас уақытында үйден шығып кеткен.

«Полицейлер тәулік бойы кәмелет жасқа толмаған үш қызды іздестірді. Нәтижесінде жедел іздестіру тобы оқушы қыздарды Теміртау қаласына кіреберіс жолдан тапқан. Олар рейстік автобуспен Шымкентке қарай жол тартқан», - деді ІІД өкілі.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары қыздарды Рудный қаласына үйлеріне жеткізбек.