Рудныйда жүк көлігі 13 метрлік биіктіктен құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте қазақстандық кәсіпорындарда 3 жұмысшы жапа шекті. Оның екеуі қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Айталық, Қостанай облысы Рудныйдағы «Соколов-Сарыбай кен өнеркәсібі бірлестігі» АҚ-да оқыс оқиға болды. 2 маусымда сағат 15:45-те «Думпер» жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Оның салдарынан көлік 13 метр биіктіктен аударылып құлады. 1972 жылы туылған көлік жүргізушісі қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар