Рудныйлық бизнесменнің өлімі үшін айыпталған күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты

Сергей Яремко 12 жылға бас бостандығынан айырылып, қатаң режімдегі түзету колониясында жазасын өтеу белгіленді. Ол 5 қылмыстық бап бойынша айыпты деп танылды.
Владимир Мацегоре Қылмыстық Кодекстің 3 бабы бойынша айыпты деп танылып, 4 жыл жалпы режімдегі түрмеде жазасын өтейтін болды. Сергей Панфилов заңсыз шекараны асып өткені және қару сақтағаны үшін 1 жылға бостандығынан айырылып, 300 АЕК (555 мың 600 теңге) көлемінде айыппұл төлемек. 4 бап бойынша оның кінәлары дәлелденбеді. Евгений Молодцов қылмыс туралы айтпағаны үшін 1 жылға шартты түрде бостандығынан айырылды. Сот сонымен бірге Қостанай облыстық ІІД бастығы мен Қостанай облысының прокурорына жеке қаулы шығарды. Онда аталған істі тергеу кезінде қылмыстық-процессуалдық заңнама нормаларының бұзылғаны туралы жазылған. Естеріңізге сала кетейік, бизнесмен Евгений Антоненко өткен жылдың соңында Рудный қаласында ұрланған. Қылмыскерлер оның өлі денесін жасырып, тасымалдаған HUMMER маркалы көлігін өртеп жіберген.