«Рухани жаңғыру» аясында шыққан барлық туындылар да еркін таралуы тиіс – Мемлекеттік хатшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ««Рухани жаңғыру» аясында шыққан барлық туындылар Қазақстанның ішінде де, сыртында да еркін таралуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде ҚРО Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, «100 жаңа оқулық» жобасы аяясындағы аударма басылымдар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдаумен шыққан барлық туындылар Қазақстанның ішінде де, сыртында да еркін таралуы тиіс. Мемлекеттік органдар авторлықты меншіктеп, оның таралуына тыйым салмауы қажеттігін баса айтты.

«Аудармашы дайындау, оны кәсіби өсіру оңай емес. Іскерлік, саяси аударма қиын. Ғылыми аударма одан да қиын. Ал көркем аударма аударма өнерінің шыңы. Біз Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы аударма жобалардың арқасында қазақ аударма мектебін, аудармашылардың ортасыцн күшейттік деп айта аламыз. Естеріңізде болса, Абай данышпандығының бір қыры аудармашылық. 20 ғасырдың басында Алаш қайраткерлері де аудармаға ден қойды. Кеңестік заманда да аударма арқылы қазақ мәдениетіне көп жаңалық келді. Ал 21 ғасырдағы жаһандану, әідебиеттер арасындағы алыс-берістің қазіргідей қызған кезінде аударманың мәні мен маңызы арта түсті», - деді Қырымбек Көшербаев.

Ол бұл жұмыстарды жалғасуы керектігін, оқулықтар және көркем әдебиетпен ғана шектелуге болмайтынын баса айтты.

«Тәуелсіздігін нығайтып, ілгері дамығысы келетін, келешектен үміті зор біз секілді елге аударманың берері мол. Көзі ашық, көкірегі ояу, ұлттын сүйетін, әлемдік өркениеттен де хабары мол, заманға сай жаңа Қазақстан азаматын тәрбилеу үшін бізге жаңа деңгейдегі сапалы ағартушылыққа ден қою керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар