«Руханият» партиясы» қоғамдық бірлестігінің съезінде «Әділет» партиясымен бірігу туралы мәселе талқыланды

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін «Руханият партиясы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс съезі болып өтті, оған партияның облыстық, қалалық филиалдарының басшылары мен делегаттары қатысты, деп хабарлады «Бірлік» саяси партиясының баспасөз қызметі.
None
None

Съезд жұмысы барысында «Руханият» пен «Әділет» партияларының бірігуі туралы мәселе талқыланды. Осының алдында «Әділет» партиясы «Руханият» партиясымен бірігуге бастама көтерген болатын.

Екі партияның да ортақ нәрсесі көп, міндеттері ұқсас, мақсаттары бір - демократиялық және құқықтық мемлекет құру, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерінің іске асырылуын қамтамасыз ету. Бұл ұсынысты съезд делегаттары бірауыздан қолдады.

Партия төрағасы болып бірауыздан Серік Сұлтанғали сайланды. Партия төрағасының орынбасарлары болып А.Волков, Т.Сыдықов және Б.Бөрібек сайланды. Сондай-ақ партияның Орталық комитеті мен Саяси атқару комитетінің жаңа құрамы сайланды.

Соңғы жаңалықтар