Румыния Қазақстанмен матчты көрермен саны аз стадионға ауыстырып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қазан күні Румыния мен Қазақстан арасында 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің матчы өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Румыния футбол федерациясы осы матчты тамашалайтын адамдардың аз болуы мүмкіндігін ескеріп, Бухаресттегі 55 мың орындық стадионды Плоешти қаласындағы 15 мың орындық стадионға ауыстыру туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, бұл матчпен Румыния 2018 жылғы Әлем чемпионатының квалификациясын аяқтайды.

«Е» тобындағы турнирлік жағдай келесідей: Польша - 16 ұпай, Черногория - 10, Дания - 10, Румыния - 6, Армения - 6, Қазақстан - 2.

Соңғы жаңалықтар