Румыния мен Арменияға қарсы ойнайтын футболшылар белгілі болды
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 5 қазан күні сырт алаңда Румыния құрамасымен ойнайды, ал 8 қазан күні өз алаңында Арменияны қабылдайды.
Қақпашылар: Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Қайрат»), Александр Мокин («Астана»), Игорь Шацкий («Шахтер»).
Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков (барлығы - «Астана»), Гафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов (екеуі де - «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Александр Марочкин («Оқжетпес»), Виктор Дмитренко («Шахтер»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, (екеуі де - «Қайрат»), Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген (екеуі де - «Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев, Азат Нұрғалиев (екеуі де - «Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Қайсар»), Аслан Дарабаев («Ертіс»).
Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Таңат Нөсербаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер»).
Қосалқы тізімнің ойыншылары: қақпашы - Марсель Исламқұлов («Қайсар»), қорғаушылар - Александр Кислицын («Ертіс»), жартылай қорғаушылар - Жақып Қожамберді («Тараз»), Мардан Төлебек («Ордабасы»), шабуылшы - Бауыржан Тұрысбек («Қайрат»).