Румынияда 5 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 13 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 16:58 Румынияның оңтүстік-батысында 5,0 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуропа-жерорта теңізі сейсмология институтына сілтеме жасап.

Румынияда 5 балдық жер сілкінісі болды

Зілзаладан ешкім зардап шекпеген.

Жер сілкінісінің әсері Сербия, Болгария, Хорватия, Босния мен Герцеговине елдерінде байқалған.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді. Соның бірі – Сирия, ондағы құрбандар саны 3 574-ке жетті. Ал Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31 мыңнан асты.
 жасанды интеллектіні тиімді қолдану үшін деректерге бағдарланған басқару моделін енгізу керек
Ұқсас жаңалықтар

ЖИ тиімді қолдану үшін деректерге бағдарланған басқару моделін енгізу керек — Мемлекет басшысы