Руперт Мердок орнын босатып, ұлына берді
Руперт Мердок Fox Corporation және News Corporation төрағасы қызметінен кетеді. Медиаимперияға енді оның ұлы Лаклан басшылық етеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Руперт Мердок жаһандық медиа империясының орталық тірегі — Fox Corp және News Corp-тің төрағасы қызметінен кетеді.
92 жастағы аустралиялық магнат бұдан былай оның құрметті төрағасы болады. Қызметкерлерге жазған хатында Мердок қос корпорациямен күнделікті қарым-қатынасты жалғастыратынын айтты. Ол қызметінен не себепті кететінін айтпады.
Мердок қызметін ресми түрде қараша айында босатады. Оның ұлы, 52 жастағы Лаклан екі компанияның да жаңа төрағасы болмақ.
Fox and News Corps ондаған жылдар бойы АҚШ пен Ұлыбританиядағы саясатқа әсер етіп келді.
Fox News арнасы 1996 жылы іске қосылғаннан бері теледидар мен ұлттық саясатқа үлкен ықпалын тигізді. Бұл Мердокты біреулер үшін қаһарманға, тағы басқалар үшін жексұрынға айналдырды.
Тәулік бойы жұмыс істейтін желі саяси әңгіме радиосының күші мен энергиясын теледидарға айналдырды. Алты жылдың ішінде ол CNN және MSNBC-ті басып озды.
Fox News-тен басқа, Мердок Fox хабар тарату желісін құрды. Бұл желі өз кезегінде «Симпсондар» тәрізді шоу шығарып, үлкен «үштік» — ABC, CBS және NBC-мен бәсекеге түсті.
Мердок сондай-ақ The Wall Street Journal және New York Post газеттерінің де иесі.