Рустам Айдарханов ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Айдарханов Рустам Рамазанұлы ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Рустам Айдарханов 1983 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасының кәсіби медиаторы ретінде сертификатталған.
Еңбек жолын 2007 жылы Павлодар облысының АІІБ тергеушісі болып бастаған. Осы жылдары ол Астана қаласы бойынша ҚР ӘМ ҚБЖИ «Еңбек» РМК заңгері, Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік заң бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық кедендік зертхана кадрлар бөлімінің бас маманы, ҚР Қаржы министрлігі Ведомстволық бақылау басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалғанға дейін ол ҚР Қаржы министрлігінің Ведомстволық бақылау басқармасының басшысы
қызметін атқарды.

Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері қызметтік этика нормаларын және мемлекеттің қызмет туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің сақталуын бақылау, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға өз функциялары шегінде кеңес беру болып табылады.


Соңғы жаңалықтар