08:09, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Рүстем Әбдіраш Халықаралық фестивальдің лауреаты атанды
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Белгілі режиссер Рүстем Әбдіраштың "Сталинге сыйлық" көркем фильмі Францияда өткен Халықаралық ХҮ Азия кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Рүстем ? Қызылордадан шыққан арқалы ақын Жарасқан Әбдірашевтің бел баласы. Алматыдан құстай ұшып келген қуанышты осы жағымды жаңалыққа сондықтан Сыр бойының халқы айрықша қуанды. Француз еліндегі өнер бәсекесінде Қытай, Корея, Үндістан, Индонезия, Ирак, Жапония, Тайвань, т.б. мемлекеттердің 11 туындысы Гран при үшін сынға түсті. Олардың арасынан Рүстемнің жұлдызы жарқырады. Жас режиссерге, сондай-ақ Париж зиялы қауымының _ "Гуймет" антропология және тіл мұражайының, мектеп оқушыларының "Тағылымдық-тәрбиелік мәні зор" арнайы сыйлықтары тапсырылды. Рүстемнің тырнақалды туындысы ақын әкесі Жарасқан Әбдірашевтің поэмасының желісімен түсірілген "Қаладан келген қыз" да талай өнер бәйгелерінен жүлделі оралып еді.