Рысманованың ұлы өзін-өзі өлтірмек болған жоқ - ҚР ІІМ ҚАЖК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Бас прокуратурасы алдында өзін өртеген Майра Рысманованың ұлы да өзін-өзі өлтірмек болды деген ақпарат жалған.

Рысманованың ұлы өзін-өзі өлтірмек болған жоқ  - ҚР ІІМ ҚАЖК

 Бұл жайында ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл факті  асыра сілтеушілік. Мұны солай көрсеткісі келетін кейбір адамдар бар. ол (Майра Рысманованың ұлы) өз-өзіне қол салмақ болған жоқ. Ол өзіне жеңіл дене жарақатын салып, оған медициналық көмек көрсетілді. Жарақат өмірге де, адамның денсаулығына да қауіпті емес. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК-ден.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 6 желтоқсаны күні күндізгі сағат 12-16-да ҚР Бас прокуратурасының бақылау-өткізу пунктінде 1968 жылы дүниеге келген Майра Рысманова өзін-өзі өртеп, қалалық ауруханаға жеткізілген. Оның мұндай қадамға баруына ұлы Е.Ахметовтің ірі көлемде есірткі сақтады деген айыппен 4,5 жылға сотталуы себеп болған. Бүгін Майра Рысманова елорда ауруханаларының бірінде қайтыс болды.