С.Ахметов Халықаралық зпизоотикалық бюроның бас директоры Бернард Валланы қабылдады

Кездесу барысында ХЭБ басшысы С.Ахметовке Ұйымның қызметі туралы және Қазақстанмен әріптестіктің перспективалары туралы айтып берді. Б.Валла сондай-ақ Астанада аусыл ауруы бойынша субаймақтық үйлестіру кеңсесі ашылғанын хабарлады.
ХЭБ кеңсесін құру мақсаты - Орталық Азия елдері мен онымен шекаралас аудандарда аусыл ауруына бақылауды күшейту үшін құзырлы ветеринарлық қызметтердің іс-қимылын үйлестіру.
Премьер-Министр ХЭБ-пен өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, сонымен бірге «ветеринарлық қызметке жаңа стандарттар енгізу, оны жаңғырту мәселесінің Қазақстан үшін аса маңызға ие екенін», айтты.
Кездесу соңында тараптар аусыл бойынша Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының Астана қаласында субаймақтық үйлестіру кеңсесін құру туралы келісімге келді. Оған ХЭБ бас директоры Б.Валла мен Қазақстан тарапынан Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков қол қойды.