С.Ахметов министрлер кабинетіне Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жаңа төрағасын таныстырды

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Серік Ахметов Үкімет мүшелеріне Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жаңа төрағасы Ерлан Қожағапановты таныстырды.
None
None

«Сіздерге Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жаңа төрағасы Ерлан Қожағапановты таныстырғым келеді. Ерлан Тоқтарханұлы үлкен еңбек жолынан өтті, өңірлерде жұмыс істеді, үлкен тәжірибеге ие, білікті ұйымдастырушы», - деді С. Ахметов.

Еске салайық, кеше кешке Үкімет басшысы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұжымына жаңа басшы Е.Қожағапановты таныстырды . Ол бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Соңғы жаңалықтар