С.Ахметов «стихиялық базарларды» сауданың заманауи орындарына өзгертуді тапсырды

ТЕМІРТАУ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР бірінші вице-премьері Серік Ахметов «стихиялық базарларды» сауданың заманауи орындарына өзгертуге тапсырды.
None
None

Мұндай тапсырманы ол Теміртауда моноқалаларды дамыту бойынша республикалық семинар-кеңес барысында берді.

 Экономикалық дамыту және сауда министрлігіне облыс, қала әкімдіктерімен бірігіп стихиялық базарлардың түрін жақсартуды тапсырамын. Бізде барлығы ортағасыр уақытындағыдай: адамдар арбамен, иыққа ілінген қаптармен жүреді, не істеп жүргендері белгісіз. Бұл базарларды заманауи қалыпқа келтіруіміз керек», - деді С.Ахметов.

 Оның айтуынша, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және тағы басқа бірқатар аудандарда болған қызықты мысалдар көп. Ондағы базарларды жаңғыртқан, сауда үшін заманауи жағдайлар жасалған», - деді С.Ахметов.

 «Бұл мәселені ерекше бақылауға алу керек, ұмытпаңыздар», - деді С.Ахметов Экономикалық даму және сауда министрлігінің басшысы Б.Сағынтаевқа арнаған сөзінде.

Соңғы жаңалықтар