С. Ахметов: Үшжақты ұжымдық еңбек келісімі Қазақстанның тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының бәрінде бірдей орындалып жатқан жоқ

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Үшжақты ұжымдық еңбек келісімшарттары Қазақстанның тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының бәрінде бірдей орындалып жатқан жоқ.
None
None

Бүгін Астанада өтіп жатқан Тау-кен металлургия кешені қызметкерлерінің ІІІ съезі барысында сөз сөйлеген Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов осылай мәлім етті.

Бірінші вице-премьердің айтуынша, Қазақстанның барлық кәсіпорындарында ұжымдық келісімшарт қолданылады. «Бұл ретте айта кетерлігі, тәуелсіз Қазақстанның тарихында салалық келісімдер жасауда  алғашқылардың бірі болып ұжымдық келісімшартты кеншілер мен металлургтар жасады. Дегенмен, ондағы кейбір мәселелер орындалмай жатыр, мәселен тарифтерді көтеру, зиянды жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін коэффицентті арттыру әлі жүзеге асқан жоқ. Мен былай айтқым келеді: мұнда айтарлықтай салмақты жауапкершілік болуы шарт, тараптардың барлығында әлеуметтік жауапкершілік болуы керек. Біріншіден, ұжым, кәсіпорын, сондай-ақ өздері қызмет ететін қала және бүкіл республика алдында жауапкершілік болуы шарт», - деді С. Ахметов.

Оның айтуынша,  үшжақты еңбек келісімшарттары жасалғанымен, олар орындалмай отыр. Бұл ретте мысал ретінде вице-премьер бүгінгі күні «Арселор Митталл Теміртау» компаниясында орын алып отырған еңбек дауын алға тартты. «Бір жағынан алып қарағанда, бұл әдеттегі қалыпты жағдай. Ұжымдар мен кәсіподақтар тарапынан қашанда жалақыға қатысты қанағаттанбаушылықтар орын алып тұрады. Ал жұмыс беруші ылғи да осының сатылап, кезең-кезеңімен шешілетінін алға тартады. Дегенмен, бұл мәселенің шешімі дауларды қақтығыстарға ұластырмай, қандай да бір ереуілдерге ұластырмай, бейбіт жолмен шешу», - деді С. Ахметов.

Сонымен қатар, Вице-премьер нарықтағы тынық үдерістермен қоса дағдарыстың жаңа кезеңі басталып келе жатқанын да ұмытпауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар