С.Қайырбекова медицина қызметкерлері үшін көшпелі шеберлік кластарын ұйымдастыруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Павлодар облысына жұмыс сапары барысында облыстық диагностикалық орталыққа барып, қазіргі заманғы зертханалық зерттеу жұмысымен танысты.
None
None

Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Орталықтың қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде министр зертханалық зерттеулерді орталықтандыру жүргізілетін талдаулардың сапасын жақсарту және жасалатын зерттеу жылдамдығын ұлғайту, зертханалық зерттеулердің кең спектрін, қымбат тұратын, сирек жасалатын талдауларды жасау, білікті кадрларды бір зертханаға жинақтау сияқты бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Орталықтандырудың маңызды буыны зертханалық ақпараттық жүйені орнықтыру болып табылады.

Әңгімелесу кезінде С.Қайырбекова әріптестерінің назарын мамандардың білімін жоғарылату үшін көшпелі шеберлік кластарын ұйымдастыруға аударды. Оны өткізу медицина қызметкерлерінің біліктілігін өңірден тысқары жерге шықпай-ақ, жұмыс орнында арттыруға мүмкіндік береді.

Барлық қабылданып жатқан шаралар халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын көтеруге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар