С.Кулагин Ақмола облысындағы агроөнеркәсіптік жобалар туралы баяндады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі агроөнеркәсіптік жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Әкімнің айтуынша, облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда сүт пен ет өндірісін дамыту басым бағыттардың бірі болып саналады. Биыл ет өндірісін 70 пайызға дейін, сүт өнімін 65 пайызға дейін көбейтіп, ет экспорты мен сүт өндірісін бұдан да көбейту жоспарланып отыр.

Қайта өңдеуші кәсіпорындардың желісін дамыту мақсатында шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірқатар жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Мысалы, «Ситик Қазына» қытай қорының қатысуымен «Макинка құс фабрикасы» ЖШС жылына 60 мың тонна өнім шығаратын құс фабрикасының құрылысын жүргізіп жатыр. Ал Астрахан ауданында «Техно Құс» ЖШС Украинаның кәсіпкерлерімен бірге жылына 30  мың тонна өнім өндіруге қуатты бройлер құс фабрикасының құрылысын ақылдасып жүр. Осы аудандағы тағы бір өндіріс көзі - «Бавария өнім АПК» ЖШС «Джет Стрим» ағылшын компаниясымен бірге мал кластерін құру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуде.

Әкімнің хабарлауынша, Шортанды ауданындағы «Агро Трейд Торг» ЖШС «Мигл АГ» неміс компаниясымен бірге екі сүт өнімдері фермасын және тәулігіне  50 тонна өнім бере алатын сүт өңдеуші зауыт ашуды жоспарлап  отыр.

Соңғы жаңалықтар