С. Кулагин азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкiмi Сергей Кулагин азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдады. Мәселелердiң денi жұмыспен қамту, бiлiм және коммуналдық салаларды қамтыды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Көкшетау қаласының тұрғыны Г.Тасболатова өңiр басшысынан колледж басшысы бос лауазымына жұмысқа орналасуға көмек сұрай келiптi. Шағымданушы осы мәселе бойынша Ақмола облыстық бiлiм басқармасы басшысының қабылдауына шақырылған. Бiрақ белгiленген күнi бара алмаған. Ендi бұл мәселеге облыс әкiмiнiң араласуын сұрайды. Әкiм жұмысқа орналасудың өз тәртiбi барын және ол заңды түрде жүзеге асырылуы қажет екендiгiн жеткiздi. Оған қоса облыстық бiлiм басқармасының мәлiметi бойынша дәл бүгiнгi күнi аймақтың колледждерiнде басшылық бос орын болмай шықты. Өңiр басшысы Гүлнәр Тұрлыбекқызына болашақта бiлiм басқармасымен тығыз байланыс орнату туралы кеңес бердi.

Ал Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң Орыс филологиясы және кiтапхана iсi кафедрасының меңгерушiсi Гүлнар Фаткиева «Орыс тiлi мен әдебиетi» мамандығы бойынша түлектерге облыс әкiмiнiң грантын бөлу мәселесiн көтере келген екен.

Гүлнәр Тагирқызының айтуынша кафедра жүргiзген сараптама бойынша аталмыш оқу орнында жыл сайын «Орыс тiлi мен әдебиетi» мамандығы бойынша бiтiрушi студенттер саны азаюда, ал оқығысы келетiндердiң оқу бағасын төлеу мүмкiндiктерi жоқ. Биыл аталмыш бөлiмге 12 түлек құжат тапсырыпты. Олар ендi мемлекеттiк гранттың бөлiнуiн күтуде. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша грант жыл сайын тек 3-4 студентке ғана бөлiнедi. Ал қалғандары өз жеке қаражаттарына оқуға тиiстi. Оқу құны шамамен 430 мың теңгенi құрайды. Бүгiнгi күнгi құжат тапсырған түлектердiң бiрнешеуiне өңiр басшысының грантын немесе жеке шәкiртақысын тағайындау мәселесi шешiлсе нұр үстiне нұр болар едi. Өйтпеген жағдайда болашақта осы сала бойынша өңiрде мамандар жетiспеушiлiгi қатты сезiлетiн болады»,  - дедi Гүлнар Фаткиева.

Өңiр басшысы бұл мәселенiң бақылауда болатынын айта келе, Ақмола облыстық жастар саясаты мәселесi бойынша басқармасының басшысы Р.Галлямовқа бұл сұрақты тезiрек шешудi атап айтқанда облыс әкiмiнiң бiрнеше грантын бөлу және жеке демеушiлердi тарту мүмкiншiлiгiн қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ осы күнi облыс әкiмi Красный Яр селосының тұрғыны Сергей Нижник пен астаналық «BII tech service» ЖШС өкiлдерiн қабылдады.

Сергей Леонтьевич өзiнiң үйiне инженерлiк коммуникация жүргiзу мәселесiн көтерсе, соңғылары өңiр басшысына Ақмола облысының аумағындағы магистралдық құбырларды жөндеу барысында пайдалануға болатын заманауи материалдардың жобасын ұсынды.

Жалпы кездесу қорытындысы бойынша барлық келушiлердiң өтiнiштерi бойынша тиiстi сала басшыларына нақты тапсырмалар берiлдi.

Соңғы жаңалықтар