С. Кулагин: Ораза айт - баршамыз үшін ортақ мейрам (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласындағы Науан-Хазірет атындағы орталық мешітке барып, облыстың барша мұсылман қауымын Ислам дінінің ұлық мерекесі - Ораза айтпен құттықтады.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бүгінгі күнгі Қазақстанның ең басты байлығы - елдегі рухани тұрақтылық, бейбіт аспан мен жарқын болашаққа деген халықтың ортақ ұмтылысы. Сан алуан ұлттар мекендеген мемлекеттің басты байлығы да осы екенін Елбасымыз ұдайы айтып келеді. Тұрақтылық бар жерде ғана табыс та, бақуатты тұрмыс та болады. Сондықтан бүгінгі ұлық мереке - баршамыз үшін ортақ мейрам. Мен мұсылман бауырларды шын көңіліммен Ораза айт мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, Отанымызға тыныштық тілеймін», деді өз сөзінде өңір басшысы.

Облыс әкімінің құттықтауынан кейін айт намазы басталды.

Соңғы жаңалықтар
telegram