12:00, 03 Қыркүйек 2013 | GMT +5
С. Кулагин Сенат комитетінің төрағасы болып сайланды
АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін спикер Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Сергей Кулагин Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып сайланды.
Еске салсақ, бұған дейін төраға лауазымында болған Б. Жылқышиев конституциялық өкілеттік мерзімінің аяқталғанына байланысты депутаттықтан босатылған болатын. Ал Парламент комитеттері мен комиссиялары туралы заң нормаларына сәйкес, комитет төрағалығына кандидатты депутаттар ұсынады. Осыған орай, сенатор Ерлан Нығматулин Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы лауазымына Сергей Кулагинді ұсынды.
Аталмыш кандидатты палата депутаттары бірауыздан қолдады.