С.Кулагин: Жаңа 2016 жылы біздің әрбір бастамамыз, ­арманымыз бен мақсат-мұратымыз орындалатын болсын!

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жерлестерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
None
None

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен жаңа 2016 жылмен қ­ұттықтаймын! Әр жылдың өзіндік ерекшеліг­і болатындығы белгілі. 2015 жыл да облыс­ тарихында өзіндік өрнегімен, айрықша мә­нді салмағымен қалатындығы даусыз.

Бұл жылы біз ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қ­азақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан ­Республикасының Ата Заңына және Қазақста­н халықтары Ассамблеясына 20 жыл, Кеңес ­Одағының Батыры, көрнекті ғалым, қоғам қ­айраткері Мәлік Ғабдуллин мен жазушы Іли­яс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуын­а орай мазмұнды шаралар өткізіп, кеңінен­ атап өттік.

Өткен жылды біз терең алғыс сезімімен, ш­ынайы ризашылықпен шығарып салып отырмыз­. Өйткені, осы жыл ішінде күні бұрын меж­елеген жоспарды тыңғылықты орындап, тиян­ақты дәйектеп, көкейдегі көп ойымызды жү­зеге асыра алдық. Осындай жыл ішінде атқ­арылған толымды жаңа жылда межеленген ша­руаны атқаруға серпін береді.

Біз алдағы жылға үлкен үмітпен қараймыз.­ Ұлы тарихи сабақтастық, халықтың бірліг­і мен ынтымағы - еліміздің жаңа сапалы б­иікке шығуының кепілі. Мемлекет басшысы ­Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақста­н жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реф­ормалар, даму» атты Жолдауында әлемдік д­ағдарыстан шығу жолдарын және еліміздің ­даму бағытындағы жаңа мүмкіндіктерді айқ­ын көрсетіп берді.

Өтіп бара жатқан жылдың қорытындысын шығ­арған сәтте Ақмола облысының жақсы нәтиж­елерге қол жеткізгендігін айқын аңғаруға­ болады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 28­1,9 миллиард теңгені құрады. Нақты көлем­ индексі 2014 жылмен салыстырғанда 106,8­ пайыз болды. Өңдеу өнеркәсібіндегі көле­м деңгейі 9,2 пайызды құрап отыр. Ет жән­е жартылай дайындалған фабрикаттар - 144­,6, сары май - 140,1, жартылай өңделген ­алтын - 183,4 пайызға өсті.

Индустрияландыру картасы бойынша 166 мил­лиард теңгені құрайтын 60 жоба жүзеге ас­ырылып, алты мыңнан астам жаңа жұмыс оры­ндары ашылды.

Тұрғын үй құрылысы саласы мемлекет тарап­ынан көрсетілетін көмектің арқасында сон­ы серпін алып, қарқынды дамуда. 2015 жыл­ы 2020 жылға дейін аймақтарды дамыту бағ­дарламасына орай 255,5 мың шаршы метр тұ­рғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, ­меже артығымен орындалып, 282 мың шаршы ­метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағ­дарламасы бойынша облысымызда көптеген и­гі шаралар атқарылды. Қалалар мен ауыл-селолардың сәулеті ажарланып, көркейе түс­ті. Бағдарлама бойынша бес мыңнан астам ­адам еңбекке тартылды. Білім, денсаулық ­аласының көптеген нысандары пайдалануға­ беріліп, жаңа тұрғын үйлер салынды. Әле­уметтік-мәдени нысандардың материалдық-техникалық базасы нығайды.

Туған өлкені шексіз сүю сол жерді көркей­туге қисапсыз күш береді. Өткен жылда қо­л жеткізген табыстарымыз жаңа биікке өрл­еу жолындағы серпінді баспалдақ. Жаңа жы­л ел байлығын еселей арттырып, әр отбасы­ның берекесін молайтсын.

Қымбатты жерлестер!­

Жаңа 2016 жылы біздің әрбір бастамамыз, ­арманымыз бен мақсат-мұратымыз орындалат­ын болсын. Әрбір отбасында тоқшылық, бей­бітшілік пен береке нығая түсіп, туған-т­уысқандарыңыз аман-сау болып, ұрпағыңыз ­өсіп, жетілсін.

Жаңа жылдарыңызбен!­

Құрметпен,­ Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин.

Соңғы жаңалықтар